• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

2022-2023 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде білім алу

Құрметті үміткерлер,

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды біздің елдің ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде және Қазақстан Республикасының азаматтарын тілдік курстарда білім алуға шақырады.

Грант саны:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін - 1300
  • тілдік курстар үшін - 200
  • шетел азаматтары үшін - 50
  • Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200

Дайындық бөлімдеріне түсу үшін құжаттар онлайн режимінде Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб-сайты арқылы 2022 жылдың «12» тамызынан «05» қыркүйегіне дейін қабылданады.

  • Қадамдық нұсқаулық

 

Қажетті құжаттар:

  1. еркін түрде жазылған, гранттың санатын көрсетілген қабылдау туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);
  4. 075-У формасындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама.

 

* Әрбір құжат 10 МБ аспайтын бір PDF файлына біріктірілуі керек!

** Әр терезеге қатаң тек бір құжатты жүктеңіз!

*** Өтінімдер 5 қыркүйектен кейін қабылданбайды!

 

Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.edu.kz сайтында табуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және электронды пошта арқылы хабарласуға болады:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26

E-mail: admission@n-k.kz