• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

"Инновациялық білім беру бағдарламалары: әзірлеу және енгізу тәжірибесі" семинары

2022 жылғы 14-17 қыркүйекте Торайғыров университетінде "Инновациялық білім беру бағдарламалары: әзірлеу және енгізу тәжірибесі" атты әдістемелік семинар өтуде. Ұйымдастырушылар-Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы, Торайғыров университеті және BTS Education.

Семинар аясында "Қазақстанның стратегиялық дамуындағы білімнің рөлі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Айдос Ағдарбекұлы Мұқатаев және Орталық басқармасының жетекшісі  Амина Акзатовна Мухамбетова сөз сөйледі.

Сонымен қатар, семинарда Торайғыров университетінің және "BTS Education" ЖШС-нің "Павлодар өңірінің жаңа кәсіптер мен құзыреттер Атласы"негізінде өңірдің негізгі стейкхолдерлерімен бірлесіп инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесі ұсынылады.