• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

«Оқыту, зерттеу және табысты инновация арқылы университеттің цифрлық трансформациясы» тақырыбында дөңгелек үстел

2022 жылдың 20 қыркүйегінде Астана IT университетінде Қазақстанның Болон процесі бақылау тобына (BFUG) тең төрағалығы аясында Қазақстан университеттері үшін «Оқыту, зерттеу және табысты инновация арқылы университеттің цифрлық трансформациясы» атты дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Цифрлық трансформация бойынша университеттер арасында тәжірибе алмасу, білім беру және ғылыми-зерттеу үдерістерін басқарудың жаңа платформаларын әзірлеу және енгізу.

Дөңгелек үстелде Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Айдос Ағдарбекұлы Мұқатаев «Қазақстанның Болон процесі бақылау тобына тең төрағалығы» тақырыбында сөз сөйледі. А.А.Мұқатаев қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің еуропалық білім кеңістігі үшін имиджінің өсетінін, тең төрағалық аясында еліміздің халықаралық деңгейде танылатынын атап өтті. Қазақстанның Болон процесі бақылау тобындағы тең төрағалығы жоғары білімді дамыту тәсілдерін жетілдіруге және аймақтағы ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді.

Сонымен қатар, университеттің цифрлық жүйелері, білім беру аналитикасын қолдану сияқты жоғары білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды; Халықаралық бизнес университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті цифрлық университетті дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Дөңгелек үстел бағдарламасы