БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫ МЕН ИНДОНЕЗИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ЕЛШІСІНІҢ КЕЗДЕСУІ
Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығында Орталық директоры Фархат Шаймуратұлы Қуанғанов пен Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасындағы Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммад Фаджрул Рахманның кездесуі өтті.
Кездесуге Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының өкілдері, оның ішінде директордың кеңесшісі, директор орынбасарлары және Жоғары білімді интернационалдандыру басқармасының басшысы, сондай-ақ Индонезия Елшілігінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, оның ішінде студенттердің академиялық ұтқырлығы, шетелдік оқытушыларды тарту, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ қос диплом жүйесін енгізу перспективалары талқыланды.
2024 жылы Қазақстан Республикасынан 17 студент Индонезия университеттерінде академиялық алмасу бағдарламаларын сәтті аяқтады. Бұл көрсеткіштер екі елдің білім беру бағдарламаларына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Ерекше назар 2025 жылдың мамыр айында Қазақстанның Токио конвенциясын ратификациялау мәселесіне аударылды, бұл білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ.
Кездесу соңында тараптар серіктестіктің одан әрі дамитынына сенім білдіріп.