• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Азия-Тынық мұхит аймағында интернационализациялау саясаты мен тәжірибесі Жоғары білім сапасын жақсартуға арналған Аймақтық көшбасшылық форумы

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы Азия-Тынық мұхит аймағында интернационализациялау саясаты мен тәжірибесі Жоғары білім сапасын жақсартуға арналған Аймақтық көшбасшылық форумына қатысты. Халықаралық сарапшылардың кездесуі аясында жоғары білім беруді интернационалдандыру және шетелдік біліктілікті тану мәселелері талқылануда. Форумның басты спикерлері – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттік мекемелердің, халықаралық ұйымдар мен университеттердің өкілдері.

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, шетелдік студенттерді тарту, жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің сыртқы жүйесі мәселелері және шетелдік біліктілікті тану бойынша Қазақстанның тәжірибесін ұсынды.