• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Құрметті ректорлар корпусы! Қадірлі оқытушылар мен студенттер!

2020 жыл барлығымыз үшін ерекше жыл! Болон процесіндегі Қазақстанға 10 жыл!

Еліміздің Білім және ғылым министрлігінің бастамасы біздің университеттеріміздің ғылыми және білім беру саясатына серпін беруге бірегей мүмкіндік берді. Болон процесінің негізгі параметрлері Қазақстанның жоғары мектебін дамытудағы нақты іс-қимыл бағдарламасына айналды.

Біз бұл күнді Қазақстанның жоғары білім беру кәсіби күнтізбесінде белгілеуді жоспарлап отырмыз. Осы жылдың қазан айында еліміздің университеттері мерейтойлық форумға шақырылады! Кәсіби қауымдастық қол жеткізген жетістіктерді көрсетіп, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасады және жоғары білім берудің сапалы даму көрінісімен бөліседі.

ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы жоғары оқу орындарына белсенді қарым-қатынастары үшін алғыс білдіреді!

Бұдан әрі «Қазақстан. Болон процесі. Негізгі көрсеткіштер» қысқаша ақпараттық буклетімен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады.