Kазақстан: Болон процесінде 10 жыл
Бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары оқу орындары үш тілде оқытудан басқа білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ағылшын тілінде жүзеге асырады. Жоғары оқу орындарында осы оқытудың мақсаты: халықаралық білім беру кеңістігінде және еңбек нарығында ағылшын тілін меңгеру негізінде тілдік құзыреттілікке ие, ұтқыр, біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті әртүрлі мамандықтағы мамандарды даярлау болып табылады. 2019-2020 оқу жылында ағылшын тілінде ББ бойынша оқитындар саны 27 163 адамды құрайды.
Қазақстандық ЖОО-ларда ағылшын тілінде ББ-ны іске асырудың ерекшелігі үш тілде оқытудан айырмашылығы ББ-ның осы шеңберінде пәндердің 90% - ы ағылшын тілінде оқытылады, ал үштілді ББ-да оқыту 50:20:30 қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Қалған 10% қазақ тіліндегі "Қазақстан тарихы", "Қазақ тілі", "Кәсіби қазақ тілі", "Орыс тілі" және т. б. пәндерден тұрады. 2019-2020 оқу жылында ҚР 34 ЖОО-да ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары (тілдік ББ-дан басқа) бойынша пәндердің жалпы саны 10 891 бірлікті құрайды, оның ішінде ағылшын тілінде 9 689 бірлік (90%) оқылады.

