• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

«ҚР ЖОО бірлескен және екі дәрежелі білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесі» вебинары

2021 жылдың 12 мамырында ҚР БжҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы ЖОО-ларға арналған «ҚР ЖОО бірлескен және екі дәрежелі білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесі» вебинарын ұйымдастырды.

Онлайн-кездесуге ҚР-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 200-ден астам өкілдері қатысты.

Ж.К. Шортанбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі; М.К. Таджиева, Абай атындағы ҚазҰПУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры; С.Г. Карстина, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының басшысы; Л.А. Хасенова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры; Т.А. Сегеда, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің халықаралық білім беру бағдарламалары орталығының директоры бірлескен және қосдипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.

Вебинар барысында жоғары оқу орындарының өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға, оң тәжірибе алмасуға, бірлескен және екі дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Қатысушылар вебинардың өзектілігі мен мазмұндық құрамын атап өтті.

Вебинар материалдары ҚР БжҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының сайтында орналастырылған.

Бейне жазба сілтеме бойынша қол жетімді.