Дубликат алу үшін қажетті құжаттар тізімі
Білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) Нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телнұсқа беру туралы өтініш;
3) Егер тану туралы куәліктің иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен болса, тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту жазбасы актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы актілік жазба (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен);
4) Тану туралы куәліктің түпнұсқасы (егер бар болса);
5) Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін-білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар);
6) Төлем туралы түбіртек
- Порталға жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телнұсқа беру туралы өтініш;
2) Егер тану туралы куәліктің иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен болса, тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту жазбасы актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы актілік жазба (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен);
3) Тану туралы куәліктің түпнұсқасы (егер бар болса);
4) Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін-білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар);
5) Төлем туралы мәліметтер ұсынылады.