• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

«Орталық Азия жоғары білім кеңістігі: аймақтық ынтымақтастық, ұлттық реформалар» Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің Конференциясы

2021 жылғы 17 маусымда Түркістан қаласында Орталық Азия елдерінің білім министрлері конференциясының бірінші күні ашылды. Конференция жұмысына онлайн түрде 250-ден астам адам, оның ішінде аймақтағы елдердің білім министрліктерінің өкілдері (Абылкасымова Г.М., Камолзода И.И., Ниязбеков С.С.), сондай-ақ Еуропалық ұйымдардың өкілдері – Еуропа Кеңесі, Еуропалық Комиссия, Болон процесінің бақылау тобы, Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің еуропалық тізілімі, Еуропалық студенттер одағы (Колин Тук, Лука Пантеро, Майкл Мерфи, Байба Рамина) және т.б. қатысуда.

Конференцияның мақсаты  - Орталық Азия елдерінің жоғары білім беру жүйесін Болон процесі принциптеріне cәйкес жақындату.

Конференцияға қатысушылар төрт бағыт бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауда:

1. Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының альянсын құру;

2. Орталық Азия елдерінің білім беру сапасын қамтамасыз ету желісін құру;

3. Орталық Азия елдерінің студенттер альянсын құру;

4. Біліктілік және білім туралы құжаттарын тану қауымдастығын құру.