Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану үшін қажетті құжаттар
1. Білім туралы құжатты тану туралы куәлікті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) құжат иесінің немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің (жеке басын сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат түрінде;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
3) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (егер құжат толығымен шет тілінде болса) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса). Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдеу талап етілмейді.
4) Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжатының көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен);
5) төлем туралы түбіртек (қайта жүгінген жағдайда талап етілмейді).
6) егер білім туралы құжаттың иесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасымен оқыған болса, бұйрықтың көшірмесін не тиісті ЖОО-ға жіберілген бұйрықтан үзіндінің көшірмесін қоса ұсынады.
Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметі" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінен алады.
- Порталға жүгінген кезде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аударманың (егер құжат толығымен шет тілінде болса) электрондық көшірмесі.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, белгілі бір аумақта көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оның қосымшасының электрондық көшірмелерін және мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған сканерленген аудармасын (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда) ұсынады.
Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған электрондық көшірмелері және нотариалды куәландырылған сканерленген аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады;
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, белгілі бір аумақта көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оның қосымшасының электрондық көшірмелерін және мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған сканерленген аудармасын (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда) ұсынады.
3) Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжатының электрондық көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).
4) төлем туралы мәліметтер (қайта жүгінген жағдайда талап етілмейді).
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Ғылыми дәрежелердің дипломдарын, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін тану үшін қажеті қужаттар
Ғылыми дәрежелер, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері туралы дипломдарды тану туралы куәлік алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Егер көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 23-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ақталған доктор құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мынадай құжаттарды қоса бере отырып жібереді:
1) құжат иесінің немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің (жеке басын сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат түрінде;
2) қорғау елінде диссертация қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостильденген немесе заңдастырылған дипломның нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
3) нотариалды куәландырылған дәреже берілгені туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірме/қағаз көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі (бар боған жағдайда).
Егер көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 23-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санатына жататын болса, онда ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе портал арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді:
1) құжат иесінің немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің (жеке басын сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат түрінде;
2) қорғау елінде диссертация қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостильденген немесе заңдастырылған дипломның нотариалды куәландырылған электронды көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
3) нотариалды куәландырылған дәреже берілгені туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірме/қағаз көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);
4) шетелдік азаматтың ЖЖОКБҰ шақыруын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі/қағаз көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қызметін растайтын, жұмыс орны куәландырған электрондық көшірме/қағаз көшірме.
Егер көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 23-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санатына жататын болса, онда ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе портал арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді:
1) құжат иесінің немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің (жеке басын сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат түрінде;
2) қорғау елінде диссертация қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостильденген немесе заңдастырылған дипломның нотариалды куәландырылған электронды көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
3) нотариалды куәландырылған дәреже берілгені туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірме/қағаз көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);
Егер көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген тұлғалар санатына жатпаған жағдайда, онда ғылыми дәреже, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді:
1) құжат иесінің немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің (жеке басын сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат түрінде;
2) қорғау елінде диссертация қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостильденген немесе заңдастырылған дипломның нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
3) нотариалды куәландырылған дәреже берілгені туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірме/қағаз көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);
4) электрондық түрдегі диссертация (CD-диск). Шет тіліндегі диссертацияға авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (40 (қырық) мың баспа белгісінен кем емес) қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда зерттеудің нәтижелері, мақсаттары, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелер, тұжырымдар мен ұсынымдар көрсетіледі;
5) "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" Акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҰМҒТСО) анықтамасы (еркін нысанда) және диссертация қорғалған елдің уәкілетті органының немесе ЖЖОКБҰ-ның диссертацияны плагиатқа тексеру жөніндегі анықтамасы (еркін нысанда, бар болған жағдайда);
6) жарияланымдар тізімі.
Көрсетілетін қызметті алушы телнұсқа алу үшін Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телнұсқаны беру туралы өтініш;
2) құжат иесінің немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің (жеке басын сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат түрінде;
3) Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқаны теңестіру үшін)
4) төлем туралы түбіртек (қайта жүгінген жағдайда талап етілмейді).
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".
Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметі" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінен алады. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қолхат береді. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
- Порталға жүгінген кезде:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған телнұсқаны беру туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
3) төлем туралы мәліметтер.