ФОРУМ ЖАЙЫНДА
ТОЛЫҒЫРАҚ
2020 жылдың 20-21 қазанында Қазақстанның Болон процесіне қатысуының 10 жылдығына және ЕО Темпус және Эразмус+ бағдарламаларына қатысудың 25 жылдығына арналған «Ғаламдық аймақта: Қазақстан Болон процесі және ЕО жобаларында»халықаралық онлайн форумы өтеді.
Форумның мақсаты - Қазақстанның 10 жылдық Болон процесіне қатысуының нәтижелерін, Темпус және Эразмус + жобаларының нәтижелерін қорытындылау және жоғары білім беру жүйесін одан әрі дамытудың векторларын анықтау.
Форумға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, білім министрлері, еуропалық сарапшылар, соның ішінде Еуропалық Комиссияның, Еуропалық Кеңестің, Болон процесінің бақылау тобының (BFUG) хатшылығы, Орталық Азия елдерінің өкілдері, қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары, жұмыс берушілер мен академиялық қауымдастық өкілдері шақырылды.
Форум аясында жаңа міндеттер жағдайында жоғары білім беруді дамытудың жаңа тенденцияларын, жоғары оқу орындарының автономиясын кеңейту, инновациялық және цифрлық экожүйені қалыптастыру, сондай-ақ Орталық Азия білім беру хабын құру мәселесін талқылау жоспарлануда.
Сондай-ақ, Болон процесінің негізгі басымдықтарын іске асыру мәселелері қаралатын болады:
- жаңа бейнедегі жоғары білім берудің әлемдік тенденциялары;
- Қазақстан Республикасы жоғары білімін интернационалдандыру стратегиясы;
- білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер;
- шетелде алынған біліктілікті тану процестерін оңтайландыру;
- жоғары білім берудің ұлттық біліктілік шеңберін жаңарту.
Іс-шара аймақтық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, интернационалдандыруды кеңейтуге, дамудың болашақтағы стратегиялық басым бағыттарын айқындауға, сондай-ақ ұлттық білім берудің және жалпы елдің халықаралық имиджін жақсартуға ықпал ететін болады.