• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Қазақстандық студенттер, магистранттар мен докторанттар 2021-2022 оқу жылында инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша білім алады.

Қазақстандық жоғары оқу орындары 9 мыңнан астам үш деңгейдегі (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім беру бағдарламалары, оның ішіндегі 276 инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды бастайды. Инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша оқыту тек бір ЖЖОКБҰ-да жүргізіліп, Қазақстанның басқа ЖЖОКБҰ-да баламасы болмауы тиіс.

Қазіргі уақытта инновациялық 276 Білім беру бағдарламаларының ішіндегі ең көп 68 БББ «Бизнес, басқару және құқық» білім саласына қатысты, екінші орында - «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (53 БББ), үшінші орында - «Педагогикалық ғылымдар» (40 БББ).

Инновациялық білім беру бағдарламаларының ең көп саны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (40 БББ), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде (34 БББ), Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (19 БББ), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (18 БББ).