• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына жаңа басшы тағайындалды

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Мұқатаев Айдос Ағдарбекұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры болып тағайындалды.

Айдос Мұқатаев 1976 жылы дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін бітірген. 2007 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты, ал 2011 жылы доцент атанған.

1997-2005 жылдар аралығында Қарағанды ​​қаласының мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

2005-2013 жылдар аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, декан орынбасары, және деканы болған.

2013-2017 жылдары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды ​​облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының филиалының директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары болған.

2017-2018 жылдар аралығында М.Қозыбаев атындағы М.Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болған.

2018-2020 жылдары Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директорының орынбасары қызметін атқарған.

2020 жылдан бастап Астана IT университетінің стратегия және корпоративтік басқару департаментін басқарған.

Жаңа лауазымыңызбен құттықтаймыз және ісіңізге табыс тілейміз!