• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

QS рейтингіндегі қазақстандық жоғары оқу орындары

QS World University Rankings - Quacquarelli Symonds (QS) британдық компанияның бағалауы бойынша жыл сайынғы өткізілетін ғаламдық зерттеу және әлемдік маңызы бар үздік университеттердің жыл сайынғы рейтингі.

Осы рейтингтің аясында әлемнің 20 мыңнан астам университеті бағаланады. Рейтинг құрамына кіру үшін университеттер жыл сайын арнайы белгіленген форматта ауқымды көлемде ақпарат ұсынады.

QS рейтингінде әлемнің үздік университеттерін бағалау алты критерий негізінде жүргізіледі:

1. Академиялық бедел 40%;

2. Жұмыс берушілер арасындағы бедел 10%;

3. Оқытушылар құрамының студенттер санына арақатынасы 20%;

4. Дәйек сөз ету индексі 20%;

5. Шетелдік оқытушылардың үлесі 5%;

6. Шетелдік студенттердің үлесі 5%.

Ағымдағы жылда компания QS World University Rankings 2022 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке бұл жылы 14 қазақстандық жоғары оқу орындары кірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ТОП-200 позициясын сақтап, 175-орынды иеленді.  Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 328-ші орында орналасты. М.Әуезов атындағы ОҚУ ағымдағы жылы 8 позицияға көтеріліп, 482-орынды иеленді. Сондай-ақ, биылғы жылы рейтингке алғаш рет кірген, 601+ орынға жайғасқан с.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ды атап өткен жөн. ТОП-600 университеттер қатарына Қ .Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және ҚазҰАУ кірді. ТОП-1000-ға Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, ҚБТУ, КИМЭП университеті, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ және ҚарТУ жайғасты. 1000+ орындарына С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ және Торайғыров университеті орналасты.

Шетелдік университеттер жайлы айтар болсақ, үздік үштікке Massachusetts Institute of Technology, University of Oxford және Stanford University орналасты.