Жоғары білім сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесі: тараптар көзқарасы
Астана ІТ университетінде жоғары білім берудің ішкі сапасын қамтамасыз ету жүйесі бойынша семинар өтті
2024 жылғы 29 наурызда Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы мен Астана IT университеті ұйымдастыруымен еліміздің жоғары оқу орындарының сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары үшін «Жоғары білім сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесі: тараптар көзқарасы» тақырыбында интерактивті семинар өтті.
Іс-шараны Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының директоры Ермек Мақаш құттықтау сөзімен ашты.
Жиынға еліміздің жоғары оқу орындарының сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары, аккредиттеу органдарының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің және Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің өкілдері қатысты.
Семинар қызықты RMD (Research. Modeling. Discussion) форматында өтті: 1) ғылыми компонент; 2) академиялық компонент және 3) пікірталас бөлімі. Сондай-ақ іс-шарада Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының жоғары білім сапасын қамтамасыз ету зертханасының ашылуы болды.
«Жоғары оқу орындары, аккредиттеу органдары мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастық әлде қарсылыққа құрылған ба?» тақырыбындағы пікірталас бөлімінде: Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін реинжинирингтеу арқылы Қазақстандағы университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру жобасының ғылыми жетекшісі Айдос Мұқатаев (ғалым), Астана IT университетінің сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Ханат Қасенов (университет өкілі), Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің директоры Алина Жұмағұлова және Тәуелсіз Қазақстандық аккредиттеу орталығының директоры Бегалы Халмұратов (аккредиттеу органдарының өкілдері), мемлекеттік орган атынан ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Джарасова және Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма жетекшісі Эльвира Сапарбекова пікірталасқа қатысушылар болып сөз сөйледі.
Модераторлар Астана IT университетінің ректоры Серік Өмірбаев және Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін реинжиниринг арқылы Қазақстандағы университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобасының ғылыми жетекшісі Айдос Мұқатаев болды.
Талқылау нәтижелері бойынша қатысушылар жоғары білімнің ішкі сапасын қамтамасыз ету мәселелері барлық тараптар үшін маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және ашылған зертхана шеңберінде Қазақстандағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру қажет деген қорытындыға келді.
Семинар материалдары:
1. Есмагулова Д. Организация внутреннего аудита
2. Касенов Х. Внешняя оценка образовательных программ
3. Жумагулова А. Взаимодействие систем внутреннего и внешнего обеспечения качества
4. Халмуратов Б. Внутреннее обеспечение качества ОВПО
5. Джарасова Г. Государственная политика в обеспечении качества высшего образования
6. Сулейменова Ш. Государственное управление в обеспечении качества
7. Бурбекова С. Научные подходы к понятию «обеспечение качества образовании»